• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2016

Құрлық әскерлері алғашқы жауынгерлік оқ атуларға кірісті (фото)

616 рет
көрсетілді

АСТАНА. 14 қаңтар. «Қаработан» оқу-жаттығу полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспановтың басшылық етуімен 2016 жылғы алғашқы практикалық сабақтар басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Өңірлік қолбасшылық әскерлерінің әскери қызметшілері Макаров тапаншасынан оқу атыстары мен бақылау атыстарын орындады. 41433 әскери бөлімінің жеке құрамы практикалық атыс даярлығы шеңберінде бақылау атыстарын, келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақталған бөлімшелер үшін атыстар, Макаров тапаншасынан оқу атыстарын орындады. Қысқы полигонның күндізгі жағдайларында өзінің атыс шеберлігін шыңдай отырып, әскери қызметшілер сондай-ақ түнгі оқ атуларды орындады.   Ол үшін бірнеше оқу нүктелері өрістетілді: норматив, ұрысқы дайындалу, командирлік қорап, оқ ату тапсырмаларын шешу, қол гранаталарын лақтыру. Бұл сабақтар «Батыс» ӨңҚ қолбасшысымен бекітілген ӨңҚ әскерлеріне арналған жауынгерлік даярлық бағдарламасына сәйкес өткізіледі.  Жалпы алғанда, еліміздің Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлығындағы негізгі күш-жігер әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігін жоғары деңгейде ұстап тұруға, жауынгерлік даярлық сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу сапасын арттыруға бағытталады. Бұл ретте еліміздің қорғаныс ведомствосының басшысы белгілеген тапсырмаларға ерекше көңіл бөлінеді. Оның ішінде, жауынгерлік даярлықтың сапасын арттыру, әртүрлі жағдайларда әскери қызметшілерді жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге оқыту, жаяу жүріс марштарды жасау, стратегиялық, жедел-тактикалық және тактикалық оқу-жаттығуларға қатысу, оқу материалдық-техникалық базаны жетілдіру және далалық сабақтарды өткізу мен нұсқаушылар рөлінде тапсырмаларды орындауға сержанттар құрамын дайындау, сондай-ақ «АрМИ-2016» Армиялық халықаралық ойындарға ҚР ҚК командаларының дайындығы мен қатысуы. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.