• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2016

Израильдің бұрынғы басшысы Шимон Перес ауруханаға түсті

287 рет
көрсетілді

АСТАНА. 14 қаңтар. Шимон Перес кеудесі ауырып, ауруханаға түсті. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Нобель сыйлығының лауреаты, Израиль саясатының патриархы және осы елдің бұрынғы президенті Шимон Перес жүрек соғысындағы ақауға байланысты ауруханаға жатқызылды. Бұл жөнінде саясаткердің көмекшісі Айелет Фриш Израильдің әскери радиосына хабарлаған. Тікелей эфирде ол Перестің ес-түсі анық әрі сөйлей алатынын айтып: «Оның кеуде тұсы ауырды», – деп мәлімдеді. Айелет Фриштің сөзіне қарағанда, 92 жастағы саясаткер Тель-Авив жанындағы Рамат-Ган қаласындағы «Тель ха-Шомер» ауруханасына жатқызылып, сол жақта ем қабылдауда. Алайда, Израильдің оныншы телеарнасы өздерінің дереккөздеріне сүйеніп, Перестің инфаркт алғанын, қазіргі таңда оған Тель-Авив маңындағы ауруханада ота жасап жатқанын хабарлады. Еламан Қоңыр. Дерек: ТАСС. Сурет: AP Photo.