ШЫМКЕНТ. 14 қаңтар. Шымкентте көп балалы ананы қағып өлтірген жүргізушіні полицейлер таба алмаған. Базар маңындағы бейнекамералар арқылы да, куәгерлер арқылы да ізіне түсе алмай пұшайман болып отырғанда күдіктінің өзі келді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Зейнеткер. 78 жаста. Әрине, арнайы қақпаған. Абайсызда болған оқиға. Куәгерлердің айтуы бойынша базарда нан сатып отбасын асырап жүрген отыз екі жастағы Бақытгүл Әбдиева қатты соққыдан он сегіз метрге дейін ұшып кеткен.
Шиеттей бес баласы бар келіншек дереу ауруханаға жеткізілгенімен жарақаты аса ауыр болғандықтан жан тапсырған. Оқиға орнынан қашып кеткен қарт жүргізушіге ар азабы тыныштық бермесе керек.
Енді осы факт бойынша ҚР ҚК 345 және 347 баптарына сәйкес зейнеткердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, сурет: egemen.kz