• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2016

Халықтың жауабы біртекті

270 рет
көрсетілді

Кеше Орталық телекоммуникация қызметінде Парламент Мәжілісінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі депутаттар бастамасына халықтың қалай қарайтындығы туралы әлеуметтік зерттеу құрылымдары жүргізген сауалдамалар бойынша есеп берілді. Бірінші сөз алған «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы» қоғамдық ұйы­мының директоры Юлия Кучин­cкая депутаттардың кешегі үн­деуінен кейін біз мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам инс­титуттары және ЖОО-лардың көптеген өкілдері арасында жедел-сауалдама жүргіздік. Соның ішінде 97 сарапшы болды. Енді соның нәтижелері туралы айтсам, ол былай болды: сұралғандардың 95,6 пайызы мәжілісмендердің бастамасын қолдайтындарын айтты. Соның ішінде 94,8 пайызы депутаттарды мерзімінен бұрын сайлау дағдарысқа қарсы шаралардың қатарына жататынын атап өтті. Сарапшылардың 94,1 пайызы Мәжіліс және түрлі деңгейдегі мәслихаттар сайлауларын бірге өткізуді сайлауға бөлінетін мемлекеттік қаржыны үнемдеу тұрғысынан тиімді деп санайды. Сонымен қатар, сарапшылардың 90 пайыздан жоғары бөлігі бесінші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттары өздерінің негізгі миссиясын орындады деп есептейді. Сұралғандардың 96,7 пайызы Бес институттық реформа – Ұлт Жоспарын орындау үшін Мәжіліс депутаттарының сайлауы тез арада өткені жөн деп санайды. 94,2 пайызы Парламент жұмысын әртараптандырудың маңыздылығын атап өткен. Олар сайлауға жаңа партиялардың түсіп, өз депутаттарын өткізгенін жөн көреді. Еуразиялық интеграция институтының әлеуметтік зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Ботагөз Төреханова да өз қызметтерінің жедел-сауалдама өткізгенін айтты. Біз барлығы 615 адамға сауал бердік, деді ол. Соның ішінде 82,5 пайызы Мәжіліс депутаттарының үндеуі туралы хабардар болып шықты. Соның ішінде 93,6 пайызы сайлауды мерзімінен бұрын өткізгенді дұрыс деп санайтынын жеткізді. Сұралғандардың 97,2 пайызы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауларының бірге өткізілгенін қалайтынын айтты. Өйткені, бұл бюджет қаражатын үнемдеуге қол жеткізеді деп есептейді олардың бәрі. Респонденттердің 93,5 пайызы Мәжіліс депутаттарының сайлау­ын тез арада өткізуді дұрыс деп санайды екен, өйткені, олар Ұлт Жоспарын іске асыруға белсене қатысуға тиісті. Сұралғандардың 94,6 пайызы Мәжілістің бұрынғы құрамы өз міндеттерін толығымен орындағанын мәлімдепті. Қорыта айтқанда, сауалдама жүргізген екі ұйым да бір-бірінің сөздерін айна-қатесіз қайталап берген, демек, халықтың жауабы біртекті болған. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».