• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2016

Канадаға үш ай ішінде Сириядан 10 мың босқын келді

403 рет
көрсетілді

АСТАНА. 14 қаңтар. 2015 жылдың қараша айынан бүгінге дейін Сириядан Канадаға келген босқындар саны 10 мың адамға жетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазіргі кезде қоныс аударғандардың 5 мыңға жуығы толық қаржыландырылды. Халық арасында өткізілген іс-шаралардың, жеке тұлғалардың қайырымдылық ретінде берген көмегінің, сондай-ақ, мемлекеттің бөлген қаржысының арқасында олардың жағдайы бір қалыпқа түсті. Өткен жылдың 4 қарашасынан бері канадалық BBC ұшағы Иордания, Ливан елдерінен арнайы босқындардың қоныс аударуына мүмкіндік жасады. Канаданың көші-қон, босқындар мен азаматтық беру ісіне жауапты министрі Джон Маккалум өткен жылы желтоқсан айының соңында, 2016 жылдың 1 наурызына дейін 25 мың сириялықтар көшіп келетінін мәлімдеген. Алайда, желтоқсан айының басында, Сириядан келген 35 мың адамды қабылдап, толық жағдай жасауға мүмкіншілігі бар екенін айтқан болатын: 25 мың босқынға мемлекет тарапынан жәрдем көрсетілсе, қалғанына тұрғындар арасынан бөлінген қайырымдылықтан көмек көрсетілмек. Джон Маккалум, сондай-ақ, жыл соңына дейін Таяу Шығыс елдерінен 50 мың адамның келуі мүмкін екенін айтты. Айта кетейік, премьер-министрлік лауазымына сайлауалды бағдарламасында Джастин Трюдо 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін 25 мың сириялық босқынды көшіруге барынша жағдай жасалатынын мәлімдеген. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: zmiya.com.ua.