• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2016

АҚШ босқындар үшін 70 миллион доллар қаржы бөледі

294 рет
көрсетілді

АСТАНА. 14 қаңтар. АҚШ президенті Барак Обама арнайы түрде босқындарға көмек көрсету үшін құрылған мемлекеттік қордан 70 миллион доллар қаржы бөлінетіні туралы мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Барак Обама бұл істі мемлекеттік хатшы Джон Керриге тапсырды. «Бөлінген қаржы босқындар мен мигранттардың Құрама Штаттарға өту бағдарламасы жүзеге асқаннан кейін қажеттіліктеріне жұмсалады» деп президент баспасөз қызметі хабарлады. 2015 жылы 30 қыркүйек күні АҚШ-қа 85 мың босқын қоныс аударды. Бұл көрсеткіш жоспарланған межеден 10 мыңға көп. Ал осы жылы 100 мыңға дейін барады деп күтілуде. Соңғы үш жыл ішінде Құрама Штатарда босқындарға берілетін квота саны 70 мыңнан аз болған емес. Өткен жылдың күзінде президент әкімшілігі гуманитарлық көмек ретінде Сириядан келген босқындарға 419 миллион доллар қаржы бөлінетінін мәлімдеген. Президент үйінің баспасөз хатшысы Джош Эрнест Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы құрылған мекемесі арқылы қаржының іске асырылатынын айтты. Сондай-ақ, оның айтуынша, Сириядағы қақтығыс оқиғалар басталғалы ел халқына АҚШ басшылығы гуманитарлы түрде 4,5 миллиард доллар көмек көрсеткен. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: zn.ua.