• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2016

Ресей астанасында 2015 жылы 5 мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалды

419 рет
көрсетілді

АСТАНА. 21 қаңтар. Ресей астанасы Мәскеу қаласында 2015 жылы 5500-ден астам адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Өткен жылы Мәскеуде 5500-ден астам Ресей азаматы хабар-ошарсыз кетті. Сондай-ақ, өткен жылдарды қоса есептегенде жоғалып кеткен 5934 адам табылды. Із-түзсіз кеткендер туралы жылына 10 мыңға жуық хат келіп түседі. Алайда олардың басым бөлігі сол күні табылып, тізімге іліндей қалады. Ал іздеу жұмыстары бірнеше сағаттан жылдарға дейін созылуы мүмкін», – деп мәлімдеді қалалық Ішкі істер департаментінің қызметкері Дмитрий Пичугин. Мәлімдемеде жоғалған адамның біразы кәмелет жасына толмағандар. Оларды іздеу жұмыстарына өткен жылы арнайы жасақ пен ерікті қала тұрғындары көмектескен. «Лиза Алерт» сынды қоғамдық ұйымдардың септігімен із-түзсіз кеткен 110 адам табылды. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: arrive.ru.