• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2016

«Мемлекеттік тілді дамыту қоры» корпоративтік қорының МӘЛІМДЕМЕСІ

289 рет
көрсетілді

«Мемлекеттік тілді дамыту қоры» корпоративтік қорының «Бесінші шақырылған Парламент Мәжілісін тарату,

сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа байланысты

МӘЛІМДЕМЕСІ

«Мемлекеттік тілді дамыту қоры» корпоративтік қорының ұжымы Елбасының «Бесінші шақырылған Парламент Мәжілісін тарату, сондай-ақ, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қою шешімін қолдайды. Тәуелсіздігіміздің мерейлі белесі Қазақстанды түбегейлі жаңғыртудың шешуші кезеңіне және жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың күрделі шағына тұспа-тұс келіп отыр. Еліміз аса жауапты сынақтарды абыроймен өткеруі керек. Парламент депутаттары өткен жылы бес институттық реформаны заңнамалық қамтамасыз ету бағытында орасан зор жұмыс атқарды. Енді, оны нақты іс жүзіне жүзеге асыру кезеңі келді. Біз құрамы қайта жаңарған Парламент Ұлт Жоспарын жүзеге асыруға және «Қазақстан-2050» Стратегиясының асқақ міндеттерін мүлтіксіз орындауға серпін береді деп сенеміз. Осы пайымдарды ұстана отырып, «Мемлекеттік тілді дамыту қоры» корпоративтік қоры ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, еліміздің одан әрі өркендеп дамуына өздерінің белсенді үлестерін қосуға дайын екенін және аталған Жарлықты толықтай қолдайтынын мәлімдейді.