• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2016

«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының МӘЛІМДЕМЕСІ

446 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының «Парламент Мәжілісін тарату және Парламент Мәжілісі депутаттарының

сайлауын кезектен тыс өткізу туралы» Жарлыққа байланысты

МӘЛІМДЕМЕСІ

«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты Елбасының «Парламент Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын кезектен тыс өткізу туралы» Жарлыққа қол қою жөніндегі шешімін зор қуанышпен қабыл алды. Жас мемлекетімізді жаңғырту жолында жастарға көп үміт артылып отыр. Бұл сенім бізді қанаттандырып, жаңа жетістіктерге ынталандырады. Біз – Мемлекет басшысының әрбір өміршең идеясы мен көреген саясатын ілгері бастайтын жасампаз ұрпақпыз. Әлеммен бірге Қазақстан да бетпе-бет жүздескен дағдарыстар заманында халқымызды сынала отырып шыңдалатын сәт күтіп тұр. Бұл ретте, жаңадан жасақталған Парламент еліміздегі демократиялық үдерістерді жандандыруға жаңа серпін беріп, азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыратынына сеніміміз мол. Елімізде сайлау науқанын тезірек өткізіп, бес институттық реформаның Ұлт Жоспарын сәтті жүзеге асыру арқылы Мәңгілік Еліміздің іргесін одан әрі нығайту – басты мақсатымыз. Осы орайда, депутаттардың Мәжіліс сайлауын кезектен тыс өткізу туралы ұсынысына көрсеткен Елбасының қолдауын жастар қауымына білдірген кезекті сенімі деп қабылдаймыз және осы жолда аянбай еңбек етуге дайынбыз.