• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2016

Павлодарда Универсиадаға дайындық жүргізілуде

223 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 21 қаңтар. Облыс орталығындағы педагогикалық институтта Ел тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған жоғары оқу орындары студенттері арасында VI Қысқы Универсиадаға дайындық бойынша отырыс өтті. Бұл туралы оқу орны баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған оқу орнында Универсиадаға дайындық 2014 жылдан бастап жүргізілуде. Қазір «Қысқы Универсиада Алматы-2017 қатысушысы бол» шарасы басталды Универсиада Алматыда 6-17 ақпан аралығында болады. Жиынға 1998 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Людмила Прокашева, спорт мектебінің директоры Қайрат Қайырбаев қатысты. Жарысқа биатлон, шаңғы жарысы, спорттық бағдарлау, көпсайыс, конькимен жүгіру спортынан спорттық жетістіктерге қол жеткізген студенттер барады. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz.  
Соңғы жаңалықтар