• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2016

Жолдауды қолдау – ілгерілеу кепілі

394 рет
көрсетілді

Ұлт Жоспарында мемле­ке­тіміздің мәйегі жатыр. Елба­сының Мәңгілік Ел болу үшін қандай мемлекеттік жұмыстар атқарылатындығын «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жол­дауында нақтылап берді. «Еге­мен Қазақстан» газетінде жария­ланған «Ұлт Жоспары – қазақ­стандық арманға бастайтын жол» бағдарламасында да өзекті міндеттерді талдап көрсетті. Жергілікті әкімдік мемлекеттік сая­сат тұрғысынан жұмыс жасауды бір мезетке де тоқтатуына болмайды. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атам­құловтың ұйытқы болуымен өңірде осы жұмыс тұрақты жүр­гі­зіліп келеді. Жақында облыс әкімі­нің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының бастауы­мен облыстық ақпараттық-наси­хат­тық топ Түркістан және Кентау қалаларында жұртшылықпен кездесті. Алқақотан жиында облыс­тық жұмыспен қамтуды үйлес­тіру және әлеуметтік бағдар­ла­малар басқармасының басшысы Ә.Темірбаева, қаржы басқар­масының басшысы К.Меңде­баев, білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы басшы­сының орынбасары С.Әуез­­ханов, денсаулық сақтау бас­қар­масы басшысының орын­ба­сары А.Сапарғалиева Жол­дауды іске асыру барысында атқарылатын жұмыстарды баян­дап, қала жұртшылығы тара­пы­нан денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту салаларына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Осындай пайдалы жүздесулер облыстың басқа аудан, қала­ларында да жалғасып жатыр. «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласына байланысты өңірдегі зиялы қауым, ғалымдар, ақын-жазушылар да үн қосып, маңызын түсіндіруде. Сол сияқты бизнесті ынталандыру, тығырықтан шығару бағы­тын­да да толымды жұмыстар атқа­рылуда. «Алтын орда» бизнес орталы­ғында кәсіпкерлікті қолдау ұйы­мының ұйымдастыруымен философия ғылымдарының докторы, AlmaU доценті, Ланкастер университеті менеджмент мек­те­бінің, Экс-ен-Прованса универ­ситетінің кәсіпорынды басқа­ру институтының түлегі Озат Бай­сер­кеевтің қатысуымен «Дағ­дарыс кезіндегі бизнесті қол­дау» тақырыбында баспасөз мәс­ли­хаты өтті. Әлемдегі дағдарыс жағдай­ын­да елдің белсенділігі, әрекеті әбден керек. Әсіресе, ел экономика­сын локомотивше сүйрейтін шағын және орта кәсіп иелерін жан-жақты қолдау қажет. Баспасөз мәслихатында осыған көбірек орын бөлінді. Жолдау – стратегиялық құжат. Ондағы міндеттерді жүзеге асыру мемлекетіміздің көкжиегін кеңейтеді, болашағын нұрлы етеді. Ақпараттық-насихаттық топтың мақсаты осы. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы.
Соңғы жаңалықтар