• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2016

«Бармут құбыжығы» қайдан шықты?

347 рет
көрсетілді

Көпшілік бұдан көп жылдар бұрын Шотлан­диядағы Лох-Несс көлінен табылып, әлі күнге дейін өзінің нендей зат екені жөнінде бір тұжырымға келтіртпей жүрген құбыжықты әлі ұмыта қоймаған шығар. Енді, міне, жұмбақтығы мен атағы жағынан соған пара-пар тағы бір құбыжықтың дерегі шығып жатыр. Жаңа тіршілік иесі де осы Британия аралы аумағынан табылды. Ол Біріккен корольдікке қарасты Уэльс жеріндегі Бармут көлін мекендейді екен. Қазір оның дерегі шыққалы бері бұл маңайды шолып, құбыжықты суретке түсіріп алуға құштарлар саны артып келеді. Осыған орай ғалымдар бұлардың екеуін де жерге қатыссыз, бізбен параллель әлемнен келген жәндіктер деген болжамға көбірек ден қоя бастады. Әйтпесе, бұларды ұстап алу да, тіпті алыстан сурет пен видеоға түсіру де неге мүмкін болмай тұр? Мамандардың пікірінше, құбыжықтың ұзындығы кемінде отыз метр болады. Өкінішке қарай, фото тым алыстан түсірілген. Сондықтан, бұдан да гөрі нақты мәліметтер айту қиынға соққан. Уэльс тұрғындары осы үлкен кесірткені алғаш рет өткен ғасырдың басында жағажайдан бір әйел байқағанын айтады. Дәлірегі, ол су жағасынан үлкен төрт ізді көрген. Оның таңбасына қарағанда, денесі кемінде пілге жетеғабыл болуы тиіс еді. Кейінірек, 1937 жылы бір кісі жағада серуендеп жүрген құбыжықтың өзін көрген. Оның көлемі алып қолтырауынның аумағынан кем болмаған. 1975 жылы аталмыш тіршілік иесі тағы да көзге түсіп қалыпты. Бұл жолы оны оқушы қыздар байқайды. Міне, енді Бармут қаласы маңынан аталған құбыжық тағы көрініпті. Және оны суретке түсіріп қалудың да орайы келген. Зерттеушілер осыдан соң Жердің параллель әлеммен байланысы жөніндегі гипотезаны тағы қозғай бастады.  Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.