Тамара ЛАВРИНЕНКО,
«Астана-Бәйтерек» әйелдер клубы» қоғамдық бірлестігі:
– Кезектен тыс XVII съездің күн тәртібіндегі негізгі мәселе «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасына арналды.
Мемлекет басшысы Қазақстанды дамыту және оның әлем мен өңірдің озық елдері қатарынан сенімді түрде орын алуы орайындағы дәйекті де жүйелі іс-қимылдарының бағдарламасы болып табылатын Бес институттық реформаны іске асыруды жалғастыруға бағытталған бірқатар шараларды ұсынды.
Съезд делегаттары Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің алдағы сайлауы қоғамдық бірлікті, тұрақтылықты және реформалар бағытын одан әрі жетілдірудегі мақсаткерлікті нығайтуға көмектеседі деп кәміл сенім білдірді.
Меруерт ҚАЗБЕКОВА,
«Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:
– «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына әзірліктің неғұрлым елеулі мәселелерін талқылаудың үнқатысу алаңына айналды.
«Нұр Отан» партиясы экономиканың өзекті салаларын және қазақстандықтардың қоғамдық-саяси өмірін дамытуға бағдарланған кешенді сайлауалды бағдарламасын әзірледі.
Сайлауалды бағдарламаның негізі – реформалардың және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бағытын одан әрі дамыту.
Жауапкершілік, жұмыстағы ықтияттылық және дамудың жаңа көкжиектеріне жетуге деген ұмтылыс әрқашан басты басымдықтар және азаматтар сенімінің негізі болып келді және солай болып қала бермек.
Бұл ұлттық бірлікті нығайтудың және осы заманғы сын-қатерлер мен әлемдік экономикалық дағдарыс ықпалын еңсеру жөніндегі табысты жұмыстың маңызды алғышарты.
Әбілғазы ҚҰСАЙЫНОВ,
Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының төрағасы:
– Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзі партияның кезектен тыс съезіне қатысқан барлық делегаттарға өшпес әсер сыйлады.
Мемлекет басшысы партияның сайлауалды жұмысының және дағдарыс қаупін еңсерудің негізгі бағыттарын айқындап, қысқамерзімді кезеңге нақты тапсырмалар берді.
Партияның жер-жердегі жұмысты күшейтуге, соның ішінде сайлауалды бағдарламаның негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі өңірлік филиалдардың тиімді жұмысын құруға назар аударғанын атап көрсету маңызды.
Партия мүшелері Мемлекет басшысының Дағдарысты еңсеру бағдарламасын іске асыру барысына лайықты үлес қосатындығына, сөйтіп, Қазақстанның стратегиялық мақсаттарға жету жолында тағы да топтасқандық пен бірлік танытатынына кәміл сенімдімін.
Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ,
«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті:
– Партияның сайлауалды бағдарламасы осы заманғы қазақстандық қоғамның түйінді мәселелерін шешуге бағытталған.
Қазақстанның әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына кіру орайындағы біздің стратегиялық бағытымыз әлемдік экономикалық дағдарыстың келеңсіз көріністеріне жауап ретіндегі пәрменді шара болып табылады.
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспары дегеніміз – өзіміздің инновациялық өндірісті, ауыл шаруашылығын, тепе-теңдестірілген экономиканы дамыту жөніндегі нақты шаралар. Мемлекет басшысы партияның кезектен тыс съезіндегі өзінің сөзінде нақ осы жайында айтты.
Рүстем ҚАЙДАРОВ,
«Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі:
– «Нұр Отанның» кезектен тыс съезі партияның 2015 жылғы жұмыс қорытындылары мен партияның 2021 жылға дейінгі жаңа бағдарламасындағы перспективалы міндеттерді конструктивті талқылау жағдайында өтті.
Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің сөзінде назарды «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын практикалық жүзеге асыру барысына аударды.
Жаһандық экономикалық дағдарыстың жаңа сын-қатерлері жағдайында біздің партиямыз өзінің барлық әлеуетін реформалардың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін жұмылдыруы тиіс.
Реформалар уақыт рухына жауап береді және еліміздің барлық ресурстарын тарта отырып, дәйекті, жүйелі жұмыс жүргізуді талап етеді.
Сондықтан, алдағы парламенттік сайлауға қатысу туралы қабылданған шешім бірауыздан қолдау тапты және съезд жұмысының басты нәтижелерінің бірі болды.
Юрий МЕЛЬНИЧЕНКО,
1996 жылғы Атланта қаласында өткен
Олимпия ойындарының чемпионы:
– «Нұр Отан» партиясының съезінде біздің қоғамның алдына әлемде қалыптасқан ахуал қойып отырған осызамандық талаптарға жауап беретін жаңа сайлауалды бағдарламасы жария етілді.
Қазір әлемдік тәртіптің тұрақсыздығы бел алып, әуре-сарсаңға салған экономикалық сілкіністер уақыты келді. Партия біздің халқымыздың алдында жаһандық дағдарыстың сын-қатерлерін жеңіп шығу міндеті тұрғанын жақсы түсінеді. Партияның бүкіл сайлауалды бағдарламасы елдің жаңа жағдайларда тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бүкіл қазақстандық қоғам отандық экономикадағы дағдарысты құбылыстарды жеңіп шығуға, бірлікті сақтауға және тұрақты өсуді қамтамасыз етуге жұмылуы тиіс. Мен бүкілхалықтық қолдауға және біздің Көшбасшымыз – партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың биік беделіне негізделген «Нұр Отан» партиясының нақ осы топтастырушы әлеуеті баға жеткізгісіз рөл атқаратындығына сенімдімін.
Мұрат ЖҰРЫНОВ,
Ұлттық Ғылым академиясының президенті:
– Партия мүшесі ретінде «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі өтетінін зор қуанышпен қабыл алдым. Себебі, еліміз үлкен сыртқы және ішкі сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырған күрделі кезеңде партияның күшін біріктіріп, болашақ бағытын тағы бір мәрте айқындап алу маңызды.
Былтыр өткен Президент сайлауында партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 5 институттық реформасын ұсынып, ол, өз кезегінде, халықтың қызу қолдауына ие болды. Бүгінде осы реформаларды жүзеге асырудың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспай, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын тұрақты даму бағдарламасына айналып отыр.
Осы орайда, партияның сайлауалды бағдарламасының тақырыбын «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» деп бекер таңдап отырған жоқпыз. Қазір әлемді шарпыған сын сағатта партиямыздың алдында жер-жерлердегі барлық күш-қуатын біріктіріп, саяси тұғырнамасының тұрақтылығын әрі ел дамуына жаңа серпіліс беретін жасампаз идеяларын сәтті жүзеге асыру міндеті тұр.
Мұның бәрі Елбасы ұсынған 5 институттық реформамен тығыз сабақтастықта. Ендеше, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауында партиямыздың сайлауалды бағдарламасы да жерлестерімнің сөзсіз қолдауына ие болады деген сенімдемін.
Балнұр ҚЫДЫРБЕК,
Қазақстан Композиторлар қауымдастығының төрайымы:
– Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінде көтерілген өзекті мәселелер үлкен рөл атқаратын болады. «Нұр Отан» партиясы еліміздің жетекші саяси партиясы ретінде өзіне жүктелген жауапкершіліктен қашпай, жүйелі түрде шешімдерін тауып келеді.
«Нұр Отан» партиясы 17 жылдың ішінде қоғамның барлық түйткілді мәселелерін көтеретін біріктіруші, жауапты және жалпыұлттық партияға айналды. Осынау жауапты кезеңде партия ортақ болашағымызды айқындап, Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, Болашағы Біртұтас Ұлттың даңғыл жолын салуда.
Сондықтан партия мүшелерін қабылданған сайлауалды тұғырнаманы қолдауға және жүзеге асыруға атсалысуға шақырамын.
Талғат МАМАШЕВ,
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы
Төрағасының бірінші орынбасары:
– Қазіргі әлем үнемі жаңғыру үстінде. Жаһан елдерінің саяси тәжірибесінде барлық мемлекеттер өзінің жаңару кезеңінен өтеді. Бұдан біздің Тәуелсіз Қазақстан да тысқары қалмақ емес. Өзінің мерейлі белес жылында «Нұр Отан» партиясының жетекшілігімен мемлекетіміз жаңа бастамаларға тәуекел етіп отыр.
Әлемнің көптеген елдеріндегі күйзелістер, «қара алтын» бағасының күрт төмендеуі, халықаралық ықпал шаралардың өршуі елімізді тығырыққа тіремей, дағдарыстың алдын алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалардың арқасында елімізде бірлік пен тұрақтылық сақталуда. Сонымен қатар, мемлекетімізде жаңа заманауи технологиялар іске қосылып, экономиканың кейбір салаларында ілгерілеулер байқалуда.
«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінде қабылданған тұғырнама елімізде жаңа бастамаларға серпін болары хақ. Себебі, бұл бағдарламада мемлекетіміздің дамуының барлық бағыттары мен қоғамымыздың әр саласы жіті ескерілген.
«Нұр Отан» партиясы көтеріп отырған іргелі мәселелерді еңсере отырып, еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруін жеделдете түсетіндігімізге мен сенімдімін.
Рахат ХАМИДУЛЛИН,
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының жетекшісі:
– «Нұр Отан» партиясы жаһандық дағдарысқа қарсы өз жауабы бар екендігін халыққа көрсетті. Партияның сайлауалды бағдарламасы мемлекет пен қоғамның барлық саласын қамтығандығын сеніммен айта аламын.
Әлемдегі геосаяси және геоэкономикалық дағдарыс кезеңінде жетекші партияның елді дамудың келесі сатысына шығаратын бағдарламасының болуы – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен жасампаздығының белгісі. Бұл, ең алдымен, Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік саясаты.
Осыған орай, «Нұр Отан» партиясының бастауымен қоғамның бірлігін одан әрі нығайту мен Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыруды уақыт күттірмес маңызды іс деп есептеймін және қазақстандықтарды бірегейлік пен келісім аясында ұйысуға шақырамын.
Аян САКОШЕВ,
«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ мүшесі:
– Елбасы жас мемлекетімізді жаңғырту жолында жастарға көп үміт артады. Күні бүгінге дейін жастардың денсаулығы, білімі, тәрбиесі мен әлеуметтік жағдайына қатысты мәселелер күн тәртібінен түскен емес. Бүгінде жемісін беріп жатқан «Саламатты Қазақстан», «Қолжетімді баспана», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және басқа да стратегиялық маңызды құжаттарда жастар мәселесі басты назарға алынған.
Дүние жүзінде 11 жылдық орта білімді тегін беретін мемлекеттер көп емес. Алдағы жылда елімізде арнайы техникалық білімді де ақысыз ету жоспарланып отыр. Өз басым, мұны жастарға жасалып отырған ешбір елде жоқ қамқорлық деп білемін. Қазақстандық білімді халықаралық стандарттарға сай ету үшін «Болашақ» бағдарламасы жемісті жұмыс істеп, мыңдаған жас маманды тәрбиелеп шығарды. Қазір олар қоғамның түрлі саласында еңбек етіп, қастерлі Қазақстанымыздың дамуына сүбелі үлес қосып жүр.
Саяси салада да жастарға зор мүмкіндік берілген. Еліміздің ең ірі саяси күші саналатын «Нұр Отан» партиясының жанынан «Жас Отан» жастар қанатының құрылуы – соның бірден-бір дәлелі.
«Нұр Отан» – Президенттің партиясы. Біз – Елбасы тәрбиелеген жас ұрпақпыз.
Тек өз Отанының нағыз патриоты ғана елінің ертеңін ойлап, келер ұрпақтың қамын бүгіннен қамдайды. Елбасының отансүйгіштігі әрбір жасқа үлгі болуы керек. Патриоттық құр сөзбен емес, іспен сыналады. Еліміз күрделі кезеңмен бетпе-бет келген тұста жасотандықтар да өзіне артылған саяси салмақты жауапкершілікпен сезініп, ақтау үшін бар күшін салуға дайын.
Камал БҰРХАНОВ,
саяси ғылымдар докторы, профессор:
– «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезін өткізу Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысуда және партияның бағыт-бағдарын айқындауда шешуші рөл атқарды.
Партияның қызметі қашанда Мемлекет басшысы жүргізіп отырған институттық реформалар мен экономикалық жаңғыртулар саясатына белсенді қатысуға бағытталып келеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын Қазақстанның барлық халқы бірауыздан қолдаса, бұған жұртшылықтың аталған бағдарламаны үлкен рухани өрлеу үстінде қабылдағанымен түсіндіруге болады. Ал бұл өз кезегінде болашақ ұрпақтың лайықты өмірін қамтамасыз етіп, еліміздің әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуына жағдай туғызады.
Ермек МАҚАШ,
Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары ассоциациясының атқарушы директоры:
– Бүгінде еліміз, Қазақстанның барлық азаматтары мемлекеттік саяси институттарды нығайтуға бағытталған маңызды қоғамдық үдерістердің куәгерлері болып отыр.
«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезін өткізу туралы шешім қабылданып, онда Мемлекет басшысы осы саяси ұйымның Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысуы туралы мәлімдеме жасап, Қазақстанның ағымдағы және болашақтағы дамуы барысындағы тағдыршешті мәселелерге партияның белсенді атсалысуға дайын екені жарқын көрініс тапты.
Мен азаматтарымыздың «Нұр Отан» партиясына сенім мандаты Отанымыздың игілігі мен өсіп-өркендеуіне бағытталған ауқымды жобалар мен мемлекеттік бағытты іс жүзіне асыруға қуатты серпін беретініне сенімдімін.
Мұхтар АЛТЫНБАЕВ,
армия генералы, Халық Қаһарманы:
– «Нұр Отан» партиясы өзінің кезектен тыс сайлауға қатысатынын мәлімдеді. Бұл партияның елдің мүдделеріне адалдық танытып, экономиканың өсімі мен индустрияландыру үшін заңнамалық негіз қалауға дайын екенінің тағы бір айғағы болып табылады. Сонымен қатар, «Нұр Отан» сайлауға қатысатынын қуаттай отырып, осынысымен мемлекеттік аппараттың дамуын, заң үстемдігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, біртектілік пен қазақстандықтардың бірлігін қалыптастыру үшін жұмыс жасайтынын білдіріп отыр.
Мен партия Төрағасының сөзінде атап көрсетілген бүкілхалықтық қолдаудың маңызы мен Қазақстан азаматтарының сенімі жария етілген бас тезиске өзімнің толық қолдауымды білдіремін.
Ұлт Жоспарын жүзеге асырудың табыс кепілі әрбір қазақстандықтың белсенді еңбек үлесі болып келді және болып қала береді.
Еңлік НҰРҒАЛИЕВА,
«Еуразиялық құқық қорғау орталығы» қоғамдық қорының өкілі:
– «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде Мемлекет басшысының Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысу туралы ұсынысы қолдау тапты. Бұл нұротандықтардың елімізді әрі қарай да табысты дамытуға лайықты үлес қосуға деген ұмтылыстың жарқын көрінісі болып табылады.
Бүгін азаматтардың әлеуметтік игілігі мен экономиканы дамытудың аса көкейкесті проблемаларына назар салу ерекше маңызды. Осы мәселелерді шешу «Нұр Отан» партиясының бірінші кезектегі басымдығы болып табылады.
Оның үстіне, партияның сайлауалды бағдарламасының Мемлекет басшысы ұсынған дағдарысқа қарсы бағдарламасымен үндес шығуының аса терең нышандық мәні бар. Бұл аталған проблемаларды шешудің тиімді жолдарын табуға мүмкіндік береді деп санаймын.
Осы орайда, Мәжіліс сайлауымен қатар, барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауының өтетіні үлкен тиімділік әкелетінін айта кеткен жөн. Және де бұл елдің дағдарысқа қарсы жаңғырту үдерістерін өңірлік деңгейлерде сапалы жүргізуді қамтамасыз етуге жағдай туғызатын болады.