• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2016

309 спортшы Қысқы Универсиадаға дайындалып жатыр

258 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 ақпан. Қазіргі кезде Қысқы Универсиадаға Қазақстан құрамасына үміткер 309 спортшы дайындалып жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен өткен арнайы жиын барысында Қазақстан шаңғышылар одағының вице-президенті Елена Хрусталева қазір Универсиадаға Қазақстан құрамасына үміткер 309 спортшы дайындалып жатқанын айтты. «Жаттығулардың нәтижелі болуы үшін олар тұрақты түрде оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Ал кейбіреулері халықаралық жарыстарда бақ сынап жүр», деді ол. Сонымен бірге ол 2017 жыл қазақстандық спортшылар үшін өте нәтижелі болатынына, спортшыларымыз Олимпиада лицензияларын көптен алатынын айтты. «Қысқы Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының үштен бір бөлігін Алматы спортшылары болады», деді ол. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: almaty2017.com