• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2016

Нигериядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 86 адамға жетті

240 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 ақпан. Нигерияның солтүстік бөлігіндегі Майдугури қаласына таяу маңдағы елді мекенде болған жарылыстан қаза тапқандар саны 86 адамға жетті. Сондай-ақ, 62 тұрғын түрлі жарақат алды. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Лаңкестік әрекетке барған тағы да «Боко харам» ұйымының лаңкестері екені анықталды. Олар аймақ тұрғындарымен қатар жақын маңайдағы босқындар лагеріне де шабуыл жасаған. Куәгерлердің айтуынша, содырлар тобы Далори елді мекеніне арнайы әскери киім киген күйде бірнеше мотоциклмен, жүк көліктерімен келген. Келген беттерінде жарылғыш заттарды лашық үйлерге лақтырып, артынша бей-берекет оқ жаудырған. Қашып құтылмақ болғандардың арасында жанкештілер пайда бола кетіп, өздерін жарып жіберді. Маңайда сау баспана қалмаған. Тәртіп сақшылары оқиға орнына келгенімен лаңкестерге тойтарыс бере алмай, қосымша жасақ тобын күтті. Осыдан соң ғана лаңкестер ұйымы шегініс жасаған. Айта кетейік, аталған ұйымның шабуылынан соңғы 6 жыл ішінде 20 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тауып, ондаған мыңы түрлі жарақат алған. Осыған байланысты 2,5 миллион адам баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Аталған топ көбіне Нигерияның солтүстік-батысында, сондай-ақ, Камерун мен Чад елдеріне террорлық шабуыл жасайды. Аян Әбдуәли. Дерек: interfax.ru. Сурет: 112.ua.