• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2016

Мексикада 240 автокөлік өртеніп кетті

182 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 ақпан. Мексиканың Мичоакан штатына қарасты Морелия қаласында жергілікті айыптұрақтың бірінен алапат өрт шығып, салдарынан 240 автокөлік өртеніп кетті. Бұл туралы ria.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, өрт шамамен 3,5 сағатқа созылған. 430 көлігі бар аймаққа бірнеше өрт сөндіру экипаждары жұмылдырылды. Жергілікті басшылық қызыл жалын шарпыған автомобильдердің басым бөлігі ескі әрі бірнеше жылдан бері іздеусіз бос тұрғанын мәлімдеді. Оқиға орнында тергеу жұмыстары жүргізілді. Апаттың себебі әзірге белгісіз. Аян Әбдуәли. Дерек: ria.ru. Сурет: baq.kz.