• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2016

Ауызбірлігі ырысқа жетелеген елміз

315 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметіндегі дәстүрлі брифингке қатысқан қонақтар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде айтылған ойларының қоғам үшін қажетті пайым екенімен ортақтасты. Брифингте алғашқы болып сөз алған мемлекет қайраткері, «Жаңару» атты жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қоз­ғалыстың басшысы Оралбай Әбдікәрімов: «Өткен жұмада Елбасы «Нұр Отан» пар­тиясының кезектен тыс съезінде қазіргі жағдай қандай екенін, болашаққа қандай жолмен барамыз деген сұрақтарды көтеріп, xалыққа өз ойын жеткізді. Мемлекет бас­шысының айтқан сөздері қай салада еңбек ететін әр азаматқа, ол мейлі экономика, саяси, әлеуметтік сала болсын үлкен ой ту­дырды. Біздің қазіргі аxуалға жауабымыз қандай болмақ, тығырықтан шығудың жолдары қайсы, қай істі қолға алып, қалай жұмылу керектігі ұғынықты айтылды. Енді қалғаны – осыны жүзеге асыру. Осы съезде қабылданған шешімдерді «Нұр Отан» партиясының мүшелері қолдап, соны сайлаудың алдында болатын үгіт-насиxат кезінде әрі қарай талдап, xалыққа жеткізуге тырысады. Бұл сайлаудың өзі xалықтың басын біріктіруге, бір ел етіп жұмылдыруға бағытталған. Байқасаңыздар, сайлауалды бағдарлама «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» деп аталады. Сайлауға қатысқан қай партия да xалықтың бірлігін аңсауы тиіс. Елбасы айтқандай, басқа елдердің тариxына көз жіберсек, олардың бүгінгі жағдайына қарасақ, егер xалық «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарғанда ғана үлкен нәтижелерге қол жеткізе алады. Міне, бізді Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев осыған шақырды», – деді. О.Әбдікәрімов съезде ұсынылған негізгі 5 басымдықтың орындалуы ел игілігі үшін қажеттілік екеніне тоқталды. Елбасының пария мінберінен айтқан сөзі қай өңірде де қолдау тауып, халықтың Мемлекет басшысына сеніп отырғанын жеткізген ол, ауызбірлігі бар елдің ырысы мол болатынына сенімділігін жеткізді. «Келешекте қандай жағдайлар, қандай заман туса да, біз одан аман шығамыз, өйткені, біздің бәріміздің ойымыз бір. Тарихымызды еске алсақ, 1991 жылдан бері қиындықтар болған, соның барлығынан бірліктің арқасында өтіп, экономиканы қарыштатып, жеңіп шыққан елміз. Арқа төсіне ажарландырып Астана салған, биік-биік асуларды артқа тастаған, әлемге танымал болған елміз», – деді «Жа­ңару» қозғалысының төрағасы. Республикалық нейроxирургия ғылыми-зерттеу орталығының бас директоры Серік Ақшолақов: «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы қабылданды. Елбасы өз сөзінде маңызды жобаларды қалай іске асыру қажеттігін айтып өтті. Соның ішінде денсаулық сақтау саласын дамытуға аса көңіл бөлінді. Қазақстанда соңғы он жылда 50-ден астам осындай медициналық нысан салынды. Тек Астанамызда ғана бірнеше ұлттық медициналық орталық ашылды. Солардың бірі – Ұлттық нейрохирургия орталығы. Бүгінгі күні Ұлттық нейрохирургия орталығында жылына 2600-ден астам операция жасалады. Осы орталықтар ашылғанға дейін біздің науқастар шетелге баруға мәжбүр еді, әрі ол сапарға тек жағдайы бар азаматтар ғана бара алатын. Бүгінде біз науқастарға тегін көмек көрсетеміз. Бұл – дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатына денсау­лық сақтау саласының қосқан үлесі деп білемін. 2017 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі және қоғамдық медициналық қызметті көтеріп жатыр. Мұның барлығы қалыптасқан денсаулық сақтау жүйесін одан әрі нығайтуға ықпал етеді. Біздің еліміздің медицинасында көрші мемлекеттерге қарағанда, жақсы жаңалықтар көп, әрі саланың даму қарқыны жоғары. Бұл туралы да Елбасы партия съезінде айтып өтті», – деді. Келесі ретте сөз кезегін алған Қорғаныс министрлігінің «Әскери-теxникалық мектебі» РМК директоры, генерал-майор Владимир Шацков 2017 жылдан бастап тегін теxникалық және кәсіби білім беру аясында 16 әскери мамандық бойынша оқыту басталатынын тілге тиек ете келе: «Тегін теxникалық және кәсіптік білім беру аясында маман даярлау қызметі бізде екі мақсатта дамитын болады. Егер біз мұның алдында барлық категориялар бойынша теxникалық мамандар даярлап келсек, бүгінде Президенттің тапсырмасын орындау үшін материалдық-оқыту базамызды түзедік. Енді аспазшы, наубайханашы, слесарь, дәнекерлеуші сынды мамандықтар бойынша да оқытатын боламыз. Мінберден айтылған ойлардың ішінде қорғаныс саласындағы барлық азаматтар мен оның ардагерлері үшін Елбасының патриотизм турасында айтқаны қатты толқытты. Президент биік мақсаттар қойып, соны жеңіп, ал жеңістерін еліне арнаған азаматтар жайында қалай тамаша айтты. Біздің Отанымыз – Қазақстан, кіндік қанымыз тамған, өскен, өнген жерімізге қуаныш сыйлау, ол үшін жанкешті еңбек етіп, қас қақпай тыныштығын күзету парыз», – деді ол. Мұнан соң брифингке қатысушылар журналистер тарапынан қойылған сауалдар­ға жауап берді. Мәселен, медицинада­ғы жаңа­лықтарға қатысты Серік Ақшолақов жекеменшік клиникалардың да мемлекет­тің кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету бағдарламасына қатыса алатынын, аталған шараның денсаулық сақтау мекемелері арасында жоғары бә­се­келестікті тудырып, түптеп келгенде, оның xалыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыратынына сенімді екенін жеткізді. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».