• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2016

Ел сенімін арқалаған партия

348 рет
көрсетілді

Елбасымыздың өткен жылдың ая­ғын­­дағы Қазақстан халқына Жолдауы ұлтымыздың рухын көтерді. Арманымызды оятты. Ал жылдың басында жарияланған Елбасының мақаласы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шеңберінде Қазақстанның болашағы қандай болмақ, әлемдегі алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына ену үшін не істелуі керек деген сияқты күрделі мін­деттерді шешуге бағыт­талған. Сондай-ақ, партияның әрбір съезінде болашаққа арналған бағдарламалар қабылданады. Бұл бағдарламалар ұлттың дамуымен, еліміздің өркендеуімен тығыз байланысты. Сондықтан да Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы съезде сөйлеген сөзінде елдің алдында, партияның алдында тұрған келелі міндеттерді жан-жақты сараптап берді. Президентіміз әуелі экономика, сосын барып саясат деген болатын. Осы тұжырымның өміршеңдігіне бүгінде нақты көз жеткіздік. 1995 жылы Жоғарғы Кеңестің XIII шақырылымы таратылған сәтте түсініңкіремеген болатынбыз. Күндер өткеннен кейін, араға жылдар салғаннан кейін сараптасам, сол шақырылымда бір жылда бір ғана заң қабылдаған екенбіз. Күні бойы жұмысымыздың бәрі бір-бірімізбен айқайласу, талас-тартыспен өтіпті. Экономика, Үкіметтің алдындағы міндеттер қайда – бұл мәселелер талқыланған жоқ. Міне, осыдан кейін Елбасының «әуелі – экономика, сосын саясат» деген сөзінің мәнін жақсы түсінуге болады. Жаңа сайлау қоғам өміріне, елдің өркендеуіне жаңа леп әкеледі деп ойлаймын. «Нұр Отан» партиясы бүгін экономиканы, қаржылық қатынасты, банк жүйесін, жалпы, ауыл проблемаларын терең білетін білікті үміткерлерін додаға қосты деп білемін. Қазіргі жағдай күрделі. Дегенмен, халық президенттік партияға үлкен сенім артып отыр. Өйткені, халық былтыр өткен президенттік сайлауда Елбасын айқын қолдайтындықтарын білдірді. Сондықтан «Нұр Отан» партиясы сайлауда ең көп дауыс алатынына сенімдімін. Сондай-ақ, сайлау ұйымдасқан түрде әділ, саяси науқан жағдайында өтеді деп ойлаймын. Уәлихан ҚАЛИЖАНҰЛЫ, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры.