• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2016

Зейнетақы көлемі – 32 миллион рубль...

248 рет
көрсетілді

Ресейдің Свердлов облысында тұратын зейнеткер әйел қайта есептеуден кейінгі төлем бойынша екі айдың көлемінде... 32 миллион рубль ақша алады. Бұған дейін әдетте 16 мың рубль ғана алып келген қария қатты таң қалғандықтан, ақшасын да көп аса жарата қоймайды. Оқиға өткен жылдың со­ңына қарай орын алған екен. Зейнеткерге ұлғайтылған зейнет­ақы қараша және желтоқсан айларында әкеліп берілген кө­рінеді. Алайда, «Южный Урал» мемлекеттік кәсіпорнының қыз­меткерлері өздерінің тараптарынан кеткен бұл кемшілікті осы жылдың басында ғана аңғарыпты. Содан кейін зейнетақы қорының қызметкерлері құстай ұшып, зейнеткерге қайта келген. «Қазір барлық сома қай­та­ры­лып алынды. Ал зейнеткер әйел 30 мың рубльді жаратып үлгеріпті деген қауесетте шын­дық жоқ. Керісінше, ол кісі мұн­шалықты көп ақша алғасын, оған қатты күмән келтіріп, жаратуға да қорыққан сияқты. Оның үстіне, бұл кісінің өте тәртіпті адам еке­нін бұрыннан білеміз», – деді зей­нетақы қоры Южноуральск бөлім­шесінің бастығы Любовь Пименова. Бірақ осындай орашолақтық жасап алған бөлімше бастығының мәселесі шешіліп те қойған сияқты. Қазір еңбек демалысында жүрген оның бұл орында ұзақ отыра алмайтын түрі бар. Руслан ИГІЛІК.