ҚАРАҒАНДЫ. 2 ақпан. Қарағанды облысындағы Сәтбаев қалалық ішкі істер бөлімінің басшысы болып полиция подполковнигі Асхат Маратұлы Дүйсембеков тағайындалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Асхат Дүйсембеков 1976 жылы Шет ауданында туған. Ішкі істер органдарында 19 жылдан бері қызмет етіп келеді. Еңбек жолын Жарық кентінде кәмелетке жасы толмағандар жөніндегі инспектор ретінде бастаған. Соңғы төрт жылда Ақтоғай аудандық ішкі істер басқармасының басшысы болып қызмет етті.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, сурет: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.