• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2016

Қостанайда зейнеткер өзін өзі өртеп, қаза тапты

253 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 2 ақпан. Қостанайда қария туған қызымен болған дау-жанжалдан кейін, өзін өртеп жіберген. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қостанай қалалық ауруханасының бас дәрігері Самат Шүменбаевтың айтуынша, 67 жастағы зейнеткердің денесінің 90 пайызын күйік шалған. Ол аурухананың жан сақтау бөлімінде бір күн жатып, 30 қаңтар күні қайтыс болды. Зейнеткер қызымен келіспей қалғаннан кейін үстіне белгісіз сұйықтықты құйып, от тұтатып жіберген. Қазір марқұмның қызына Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша «өзіне қол жұмсауға мәжбүрледі» деген айып тағылып, сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz.