• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2016

«Серпін-2050» бағдарламасының өкілі студенттермен кездесті (фото)

317 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 2 ақпан. Павлодар қаласындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» – «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов осы бағдарлама бойынша білім алып жүрген студенттермен кездесті. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Кеңес төрағасы оқу орнының тыныс-тіршілігімен, материалдық-техникалық базасымен танысты. Биылғы оқу жылында аталған бағдарлама бойынша еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген 300-ге жуық грант иегерлері білім алуда. Серпіндіктер негізінен техникалық мамандықтарды игеруде. Мұрат Әбеновтің айтуынша, бағдарлама солтүстікте мамандар тапшылығын төмендетіп, оңтүстік өңірлердегі жұмыссыздар санын азайтады. Алдағы уақытта университетте «Серпін-2050» бағдарламасымен білім алып жүрген студенттер үшін «Бизнес орталық» құрылмақ. Кездесуде университет ректоры Арын Өрсариев студенттерді жоғары деңгейлі білім алуға шақырды. Айта кетейік, бағдарлама бойынша білім алып жүрген студенттер жатақханамен қамтамасыз етілген. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Сурет: Руфина Торпищева.