АТЫРАУ. 2 ақпан. «Нұр Отан» партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар тізіміне 4 атыраулық енді. Бұл туралы партияның өңірлік филиалының дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады.
Өткен аптада «Нұр Отан» партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайланатын кандидаттар тізімі бекітілді. Сол тізімге енген партия мүшелері қатарында Атырау облысының өкілдері де бар.
«Мәжіліс сайлауына Атырау облысынан 4 кандидат ұсынылды. Олар – облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов, Каспий өңірлік заманауи колледжінің директоры Бақытгүл Хаменова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Бейбіт Мамыраев және «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары Қанатбек Қасымғалиев», – деп хабарлады «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: astanafm.kz.