• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2016

Хосеп Гвардиола келесі маусымда «Манчестер Ситиді» жаттықтырады

226 рет
көрсетілді

АСТАНА. 2 ақпан. Испаниялық маман Хосеп Гвардиола келесі маусымнан бастап Англияның «Манчестер Сити» командасын жаттықтырады. Бұл туралы eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ағылшын клубы соңғы апталарда Гвардиоламен ортақ келісімге келіп, үш жылдық келісімшартқа отырғаны жөнінде ресми мәлімдеді. Клуб басшылығы трансфер уақытында жаңа ойыншылар сатып алу үшін кемінде 198 миллион еуро бөледі. Ал жаттықтырушының жылдық жалақысы 26,5 миллион еуроны құрайды. Айта кетейік, Хосеп Гвардиола қазіргі кезде немістің «Бавария» командасын жаттықтырады. Клуб басшылығы тәжірибелі маманмен келісімшарт мерзімін ұзартқысы келгенімен, испаниялық жаттықтырушы Англияға баруды жөн санады. Аян Әбдуәли. Дерек: eurosport.ru. Сурет: news.sportbox.ru.