ТАРАЗ. 2 ақпан. Тараз қалалық ІІБ ЖПҚ қызметкерлері қоғамдық көлікте қалта ұрлығының алдын алу мақсатында жедел- профилактикалық іс-шара жүргізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Іс-шара барысында 1997 жылы туылған Н. есімді азаматша арызданды. Оның айтуынша, №40 бағыттағы қоғамдық автокөлікте оның күртешесінің қалтасынан «Самсунг Галакси А-3» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен.
Бұл қылмыс бойынша полиция қызметкерлері жүргізген жедел- іздестіру іс-шарасы нәтижесінде 1967 жылы туған облыс орталығының жергілікті тұрғынын ұстады.
«Аталмыш қылмыс бойынша Тараз қалалық ІІБ 3-ПБ қызметкерлері ҚР ҚК – нің 188-бабының 1-тармағымен қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде», дейді Тараз қалалық ІІБ ЖППБ командирі, полиция майоры Бақытжан Жолдасбеков.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz