• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2016

Ақмола облысында 45 жас отбасыға пәтер берілді

207 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 2 қаңтар. Ақмола облысында Щучинскінің Магнитный көшесіндегі көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Тұрғын үйдің барлық 75 пәтеріне жасы 29-ға тола қоймаған шаңырақ иелері мемлекеттік «Жас отбасы» бағдарламасы шеңберінде қоныстанып отыр. «Сіздерді қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Қазіргі күні көрші Школьный көшесінде ипотекалық әдіспен жалға берілетін тағы бір 75 пәтерлік үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, алдағы кезде әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және жетімдер отбасына арналған үйлер салынатын болады. Қуаныш қуанышқа ұласа берсін»,-деді салтанатты шарада Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин: Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.