• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2016

Меркі ауданы үлкен жобаларды қолға алуда

284 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 2 ақпан. Елімізді индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Меркі ет» ЖШС-і өңірлік индустриаландыру картасына енгізілді. Бұл бойынша 2016-2017 жылдары Рысқұлов ауылындағы «Меркі ет» ЖШС-не қарасты бұрынғы ет комбинатын қайта жаңғыртып, ет консервісі (тушенка) өнімдерін және шұжық өнімдерін шығару жоспарланып отыр. Қуаттылығы жылына 250 тонна шұжық және 262 мың консерві (тушенка) банкасын шығаруға жетеді. Жоба құны 620 млн. теңге. Бүгінгі күні қайта жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталды. Іске қосу мерзімі 2016 жылдың екінші тоқсаны деп жоспарлануда.  Жоба іске қосылған кезде 25 азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Оған қосымша 2015 жылы шикізатты дайындау мақсатында бір мезгілде 3000 бас ірі қара малын бордақылайтын бордақылау алаңын іске қосу жоспарлануда. Жылына шамамен 4 мың 500 бас ірі қара малын бордақылап, 1100 тонна ет өндіреді. Сонымен қатар, 2016 жылдың екінші жарты жылдығында «Орталық Азия Қант бірлестігі» ЖШС-нің Меркі филиалының шырын тазалау цехын қайта жаңғырту жобасын аталған картаға енгізу жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны шамамен 849 млн. теңге. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz