• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2016

Таразда Ассамблея мүшелері сайлауға қолдау көрсетті

310 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 2 ақпан. Өңірлік коммуникация қызметінде ҚХА мүшелерінің қатысуымен брифинг өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Брифингке қарашай-балқар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Леля Узденова, тәжік этномәдени бірлестігінің жетекшісі Алижон Мулладжанов, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы Зайнуддин Махусеев қатысты. Жиын барысында ҚХА мүшелері Парламент Мәжілісінің сайлауын, барлық деңгейдегі мәслихат сайлауын өткізу туралы Елбасының шешіміне қолдау білдірді. Қазақстандықтарды сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырды. «Сайлауды мерзімінен бұрын өткізу шешімі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудың тиімді жолы болып табылады», деді өз сөзінде қарашай-балқар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Леля Узденова. Этномәдени бірлестіктер Жамбыл облысының ҚХА ұйымдастырған іс-шараларда белсенді қатысады. Брифинг барысында «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасын іске асырудағы міндеттер мен мақсаттар, этномәдени бірлестіктер мен «Ақ желкен» жастар лигасының 2015 жылғы жұмыстары айтылды. «Жаңа қазақстандық патриотизм – көп ұлттық пен конфессионалды қоғамның жеңісінің негізі болып табылады. «Ақ желкен» жастар лигасының кеңесінде 10-нан аса жастар қанаты бар. Жастар лигасының әр көшбасшысы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өзіндік үлесін қосуда», деп қорытындылады «Ақ желкен» жастра лигасының төрағасы Зайнуддин Махусеев. Оралхан Дәуіт. Дерек: egemen.kz Сурет: ortcom.kz