Бүгін таңда Қазақстан Республикасында Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) – «KazEOSat-1» және «KazEOSat-2» жерсеріктері ойдағыдай жұмыс істейді.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Инвестициялар және даму министрлігі қарамағындағы «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ (Ұлттық оператор) Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінен алынатын ғарыш түсірілімдерін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тегін беру көзделгенін хабарлайды.
Осы мақсатта 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетпен «Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінен алынатын ғарыш түсірілімдерін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға беру қызметтері» ішкі бағдарламасы қарастырылған.
Осыған орай қашықтықтан зондтау жерсеріктік суреттерін пайдалану бойынша мемлекеттік органдардың мүдделі мамандары үшін консультативтік және әдістемелік жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі.