• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2016

Шымкентке деген шынайы көңіл

245 рет
көрсетілді

итальян музыканттары атынан білдірілді Шымкенттегі опера және балет театрында Оңтүстік Қазақстан облы­сы әкімдігі мен Қа­зақстан Респуб­ликасын­дағы Ита­лия елші­лігінің қолдауы бойынша «Италия кине­матография­сының ұлы музыкасы» атты концерт өтті. Концертке әлемдік деңгейдегі жұлдыздар – атақты композитор, дирижер, виртуоз-музыкант Мауро Маур (труба) мен Франсуаз де Клоссе (фортепиано) қатысты. Шығармашылық кеште Ита­лияның əйгілі «Баг­си», «Миссия», «Амар­корд», «Тәт­ті өмір», «Кабирие түн­­дері», «Па­радизо» жа­ңа ки­­нотеатры сынды көп­те­ген киноларына арнап жа­зылған тамаша туынды­лары облыстық опера және балет театрының сим­фо­ниялық оркестрі мен хор ұжы­мының сүйе­мел­деуінде орындалды. Бұрын да өңір тұр­ғын­­дары атақты музы­­кант­тар орындаған шығармаларды тыңдауға көп келетін. Бұл жолы театр­да ине шан­­­шар орын болған жоқ. Жұрт табалдырықта отыр­ды десе де болады. Көрермен көп болса, та­­лантты адамдар одан сайын арқаланып кетеді. Мауро Маур да шығар­ма­ларды жанын салып, беріліп орындады. – Біз Астана және Шым­кент қаласында концерт бердік. Қазақ­станға алғаш келуіміз. Шымкент­тіктер мені таң-тамаша қалдырды. Сіздердің қолдауларыңыз, ақ ниеттеріңіз менің кеудеме қуаныш толтырды. Мен мұны ұмыта алмаймын. Айтқандай, италиялықтар мен қазақстандықтар өте ұқсас екен. Бізді жоғары темперамент, достық және ас мәзіріне дархандық бірік­тіреді. Ал жергілікті музыканттармен бірлесіп концерт беру есімнен ешқашан шықпайды. Қазақстан мен үшін үлкен жаңалық болды. Бұл елге әлі талай келемін, – деді ол. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы.