• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2016

Ең алдымен біліктілігі мен тәжірибесі ескеріледі

465 рет
көрсетілді

Елімізде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қабылданып, биылғы жылдың 1 қаңтары­нан қолданысқа енгізілді. Яғ­ни, Қазақ­станда мемлекеттік қызметті дамы­тудың жаңа кезеңі бастау алды. Мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруда қолға алын­ған шаралар жүйені жандандыратын болады. Ең бас­тысы – әкім­шілік мемлекеттік қыз­мет­шінің мансабы оның біліктілігі мен жи­нақтаған тәжі­ри­бесі есепке алына оты­рып құралады. Мансаптық сатының әр бас­пал­дағында ол өзінің кә­сіби жа­рам­­дылығын дә­лел­­деп отыруы қа­жет. Мемлекеттік қыз­мет саласын же­тіл­діре отырып, жем­­қорлықты азайтуға қол жет­кі­­зіледі. Бір сөз­­бен айтқанда, мем­лекеттік қыз­метшілерге талап күшей­тілетін болады. Сондай-ақ, мемлекеттік қыз­метшілер ортасында этикалық нормаларды бұ­зуға әкелетін жә­не жем­қорлық құбы­лыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша қа­таң ша­­ралар қарас­ты­рылған. Мемлекеттік қыз­метшілердің жұмыс пен тұрмыстағы жү­ріс-тұрысының қа­лып­тары регламенттелген мемлекеттік қыз­метшілердің жа­ңа Этикалық ко­дек­сі жасақталды. Ендігі кезекте мемлекеттік қыз­метшілер тек қызметкер ғана емес, халық арасында беделді және үлгі тұтатын тұлғаларға айналуы тиіс. Ұлт Жоспарындағы бірінші реформаның мәні мемлекетті кәсібилендіру болып табылады. Демек, «100 нақты қадамның» алғашқы 15 қадамы мемлекетті кәсібилендіруге бағытталғаны бекер емес. Себебі, мемлекетті кәсібилендіруден басталатын осы реформа тұрғындар­дың эко­­­­номикалық және азаматтық белсенділіктерін арттыруға қуатты серпін беретін болады. Жалпы алғанда, біз өзіміздің қазақ­стандық арманымызға тың серпіліс жасай отырып, дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатымызға жетеміз деп сенемін. Ғалым ТҰРСЫНБАЕВ, Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары. Тараз.