АСТАНА. 2 ақпан. Құрамына Google кіретін Alphabet Inc. холдингі табысы жағынан Apple компаниясын басып озды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Aphabet холдингінің өткен жылдың төртінші тоқсанындағы қаржылық есеп-қисабынан оның акцияларының құны 9 пайызға қымбаттағаны белгілі болды. Сөйтіп, холдингтің құны 568 млрд. долларға бағаланды. Ал Apple компаниясының бүгінгі құны 535 млрд. доллар.
Айта кетейік, осымен қатарынан бірнеше ондаған жыл бойы «әлемдегі ең қымбат компаниялар» ретінде АҚШ-тың технологиялық кәсіпорындары аталып келеді. 2010 жылға дейін бұл атақ Microsoft-қа, ал оған дейін IBM компаниясына тиесілі болды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: 24.kz.
Сурет: blogspot.com.