• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2016

Алматыда «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» атты сурет байқауы басталды

619 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 5 ақпан. Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайында «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» атты ұлттық байқау жарияланды. Бұл туралы мемлекеттік мұражайдың баспасөз орталығына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы құндылықтарына сәйкес біртұтас мәдени кеңістік қалыптастыруға бағытталған. Байқау суретшілерге Қазақстан мәдениеті мен Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихына өзінің жеке салмақты үлесін қосуына және өнердің жетекші жанрларында кескіндеме мен мүсіннің қанат жаюына ықпалын тигізеді. Сондай-ақ, келер ұрпаққа еліміздің басты көркемдік ордасында мәңгілік сақталатын, көрнекті туынды қалдыруына зор мүмкіндік ашып берді. Мәдени шараның мақсаты мен міндеттері – мемлекетіміздің маңызды тарихи оқиғалары мен тұлғаларын көркемдік-бейнелік көріністерді зерделеу және оларды беру тәсілдері арқылы патриоттық тәрбиеге ықпал ету. Суретшілер арасында  бәсеке тудырып, бейнелеу өнері шеберлерінің кәсіби көркемдік деңгейін көтеріп, жетілдіру және әлем өнері тарихындағы маңызды жанрлардың бірі тарихи жанрдың одан әрі дамуына қозғау салу. Байқау шартын баспасөз конференциясында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайының директоры, профессор Г.К. Шалабева таныстырады. Ол шарт Әбілхан Қастеев атындағы мұражайдың сайты мен әлеуметтік желілерде қосымша жарияланады. Байқау  2016 жылдың 15 желтоқсанда Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайының залдарында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмемен аяқталады. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік өнер мұражайының баспасөз орталығы.