АСТАНА. 7 ақпан. Допты хоккейден Ресейдің Ульяновск қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы финалға шыға алмады. Жартылай финалда ұлттық құрамамыз Ресейден 6:16 есебімен ойсырай жеңілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ойын барысында Қазақстан сапынан Рауан Исалиев, Павел Дубовик және Дмитрий Завидовский бір-бір голдан соқса, Сергей Почкунов хет-триктің авторы атанды.
Келесі жартылай финалдық ойында Швеция мен Финляндия кездесіп, финндер 3:2 есебімен басым түсті. Енді Финляндия мен Ресей чемпиондық атақты сарапқа салса, Қазақстан Швециямен қола жүлдеге таласады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: rsport.ru.