• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2016

Жергілікті комиссия жұмысқа кірісті

279 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласында Сайлауды байқау жөніндегі рес­пуб­ликалық қоғамдық комиссияның өңірлік филиалы жұмыс істей бастады. Бұл туралы кеше өткен бас­па­сөз мәслихатында «Сайлауды бай­қау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия» РҚҚ өңір­лік филиалының басшысы, «Қарағанды облысының Аза­маттық альянсы» қауым­дас-­ ты­ғы­ның президенті, Қазақ­стан халқы Ассамблеясы облыстық фи­лиалының мүшесі Наталья Вшив­цева мәлімдеді. «Біздің облыстық комис­сияның құрамында Азаматтық альянстың мүшелері, азаматтық белсенді ұстанымы бар белгілі қоғам қайрат­керлері, үкіметтік емес ұйымдар­дың өкілдері бар. Бүгінгі күнде штаб құ­ры­лып, байқаушылар іске кірісті», – деді Н. Вшивцева. Қоғамдық комиссияның негіз­гі міндеті – сайлау үдерісінің бар­лық кезеңіне мониторинг жасау. Яғни, заңды сақтай отырып, сай­лаудың ашық және әділ түрде өтуіне ықпал ету. «Біз әрбір үміт­кердің құқығының сақталуына, олардың тең жағдайда болуына және сайлау алдындағы күрестің әділ жүр­гізілуіне қатаң бақылау жүр­гі­зетін боламыз», – деп атап өтті облыстық комиссияның басшысы. Наталья Вшивцева мәлім­де­гендей, жоспар бойынша Қара­ған­ды облысында 800-ден астам бай­қаушы арнайы даярлықтан өткізілмекші. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан». ҚАРАҒАНДЫ.