• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2016

Қоғамдық кеңес құрылды

396 рет
көрсетілді

Облыстық мәслихаттың бесінші шақы­рыл­ған кезектен тыс сессиясында халық қалау­лылары Қоғамдық кеңестің құрамын, оның ережесін бекітті. Өткен жылдың қараша­сында Елбасы қол қойған «Қоғамдық кеңес­тер туралы» Заңға сәйкес, қоғамдық кеңеске өңірден 17 адам мүше болды. Олардың қатарында үш шенеунік қана бар, қалған­да­ры ардагерлер, ауыл шаруашылығын ұйым­дас­тырушылар, үкіметтік емес ұйым мүшелері, белсенді азаматтар. Қоғамдық кеңестің төрағасы болып, белгілі ауыл шаруашылығын ұйымдастырушы, Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов сайланды. Оның хатшылығына халық қалаулылары Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Валерий Вишниченконы лайық деп тапты. Таяу күндері қоғамдық кеңес мүшелерінің облыс әкімімен алғашқы кездесуі болады. Одан кейін мұндай кездесу ырғақты өтіп тұрады, өйткені, облыстағы маңызды мәселелердің барлығы алдымен қоғамдық кеңес мүшелерімен ақылдасып, шешіледі. – Бұл елімізде демократияны дамытудағы маңызды қадам дер едім. Қоғамдық кеңес жариялылық, мөлдірлік ұстанымында жұмыс істейтін. Ол халық пен атқарушы билік арасын жақындата түседі, – дейді облыстық мәслихаттың хатшысы Сайлаубек Есжанов. Жергілікті атқарушы биліктің халық алдындағы жауапкершілігін өз еркімен қоғамдық кеңеске кірген оның әрбір мүшесі тең бөлісетін болады. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан». ҚОСТАНАЙ.