• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2016

«Нұрлы Жол» – жетістіктерге кепіл

251 рет
көрсетілді

Алматыда қалалық Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Нұрлы Жол – кәсіпкерлік үшін жаңа мүмкіндіктер» атты бизнес-форум өтті Мемлекет тарапынан жасалып жат­қан жан-жақты қамқорлықтың нәти­жесінде еліміздегі шағын және орта биз­нес қуаттанып, экономика саласында негізгі донорға айналды. Алматы қаласындағы ішкі жалпы өнімнің 25 пайызы, салық түсімінің 43 пайызы кәсіпкерліктен толығып отырғаны да бүгінгі күннің шындығы. Форумды ашқан Алматы қалалық Кә­сіп­керлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Құдайбергенов осынау айшықты көр­сеткіштерге сүйене отырып сөйлеген сөзінде: – «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVІІ сьезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатын­да қар­жыландыру көлемі өсетіндігін, мамандардың біліктілігін көтеру мен қайта даярлауға айрықша назар аударылатынын ерекше атады. Тұтас алғанда, «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында таяудағы жылдары 400 мың жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі, – деді. Бәлкім, сондықтан да шығар, бүгінгі бас­қосуда, Елбасы жүктеген сол міндеттерге сәйкес, Алматының бизнес қауымдастығына барынша қолдау көрсету, болашақ кешенді шараларды ойластыру жобалары бой көр­сетті. Форумға қатысушылар «Нұр Отан» пар­тиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың алдағы межелерін қызу талқылады. Алғашқы болып сөз алған «Даму» кәсіп­керлікті дамыту қоры» АҚ Алматы филиалының өкілі Ермек Әбдібеков халықаралық банк ұйым­дарынан шағын және орта бизнесті қолдауға түскен қаржылардың жұмсалу мен несиелік жүйелеріне кеңінен тоқталды. Бүгінгі таңда Алматы қаласы бой­ынша «Жол картасына» сәйкес 41 жоба жүзе­ге асырылуда. Бұған қо­сым­ша тек қана «Бизнес­тегі әйелдер» бағдар­ламасына сәйкес 54 жоба іс-қимыл үстінде екендігі де атап өтілді. – Қазір кәсіпкерлікті жүрегімен қалаған әрбір жанға «Дағдарыс қайда деп емес, жоспар қайда?» деп қызмет ететін кезең туды , – деп сөз бастаған Шағын бизнес федерациясының төрағасы Владислав Цой жиналғандарды бір желпінтіп тастады. – Ол үшін «Нұрлы Жол» әрқашан да жетістіктерге кепіл болады, – деді ол тағы да. «Экотакси» компаниясының жетекшісі Максим Сәрсенов мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдау үлгісінің бір көрінісі ретінде бүгінгі таңда Алматы қаласында 750 таксидің тұр­ғын­дарға қызмет көрсетіп отырғанын мысалға келтірді. Әрі алдағы уақытта автомо­бильдер саны 1000 данаға жететініне сендірді. Форум Алматы кәсіпкерлерінің «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс өткен ХVІІ сьезінің шешімдерін қолдайтындықтарын білдіретін үндеу қабылдады. Айта кетер жағымды жаңалық, алқалы жиын соңында жас кәсіпкерлермен шеберлік-сабақтары өткізілді. Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ. Суретті түсірген Юрий БЕККЕР.