• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2016

Мақсат – мәселенің оң шешім табуы

288 рет
көрсетілді

Кеше «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өтті. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі А.Оспановтың айтуынша, бұл жерде азаматтарға барлық жағдай жасалыпты. Мәселен, оларға кәсіби заң­герлер мен адвокаттардың, ме­диаторлардың, банк омбудсмені кеңесшісінің тегін консультация­ларын алу, жазбаша өтініштер беру мен олардың қаралу барысы туралы ақпарат алу, e-gov электрондық порталы арқылы мемлекеттік қызмет түрлерін алу қызмет түрлері жатады екен. «Жалпы, 2015 жылы «Нұр Отан» партиясына түрлі мәселе бо­йынша өз өтініштерімен 89 мың­нан астам азамат келді. Олар­дың әрбір бесіншісінің көтер­ген мәселесі оң шешімін тапты. Партия фракциясына мүше болған депутаттардың, мемле­кет­тік, құқық қорғау органдары басшы­ларының қатысуымен 22 мың­нан астам жеке қабылдау өткі­зілді», – деді бұл жөнінде А.Ос­панов. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген азаматтардың 21 пайызын жұмыспен қамту және еңбек шарттарының орындалмауы, 18 пайызын тұр­ғын үй мен жер, 14 пайызын әлеуметтік қамтамасыз ету, тағы 14 пайызын тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылық мәсе­лелері толғандырса, құқық қорғау ор­гандарына қатысты арыз-ша­ғымдарын жеткізгендердің саны 11 пайызды құрады. «Республикалық қоғамдық қа­былдау бөлмесі тұрақты негіз­де Парламент Мәжілісінің депу­таттары – «Нұр Отан» партия­сы фракциясының мүше­лері мен мемлекеттік және құ­қық қор­ғау органдары басшы­лары­ның қабылдаулары ұйымдас­ты­ры­латын, акциялар мен түрлі тақы­рып­тық және көшпелі қабыл­дау­лар өткізілетін үнқатысу алаң­ына айналды. Мәселен, 2015 жылы партия фракциясы депу­тат­тары­ның қатысуымен – 77, мем­лекет­тік, құқық қорғау органдары бас­шыларының қатысуымен – 68, оның ішінде тікелей ми­нистрлердің қатысуымен 22 қабылдау өткізілді. Ал заңгерлер мен адвокаттар 200-ге жуық қабылдау ұйымдастырды», – дейді Қабылдау бөлмесінің мең­герушісі. Жалпы, мұнда аптасына өздерінің арыз-шағымдарын, өті­ніш­­терін алып 100-ден аса адам ке­леді екен. Қазіргі таңда елімізде 8000804441 нөмірі бойынша бі­рыңғай «Жедел байланыс желісі» тұрақты түрде жұмыс істейтін кө­рінеді. Кеше Қоғамдық қабылдау бөл­месіне келген жандардың арасында елорданың №65-ші мектеп-гимназиясында денешынықтыру пәнінен сабақ беретін Құттыбек Әскербек те болды. Ол 2011 жы­лы мемлекеттік қыз­меткер ретінде үй кезегіне тірке­ліпті. «Мен бұл жерге жаңа бағ­дар­лама бойынша, яғни Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы арендалық баспана алуға болады дегенді естіп келдім. Қоғамдық қабылдауда маған мән-жайды ба­рынша түсіндіруге тырысты. «Кон­курстар болып тұрады. Сайт­­тан қарап отыру керек, егер тір­кеу құжаттарыңызды өткі­зе­тін бол­саңыз, 2 ай көлемінде немесе одан да тез уақыт аралығында үй алуға болады», – дегенді айтты. Осылай дей келе, ол бұл жерде өз сауалдарына толықтай жауап алғанын, баспана мәселесі бойынша алдағы күннен үміт күтетінін жеткізді. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».