• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2016

Қызылорда қаласының әкімі халық алдында есеп берді

293 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 13 ақпан. Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев халық алдында есеп берді. Жылды қорытындылау жиынына аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Алдымен қалалық жергілікті полициясы қызметінің басшысы, подполковник Қуаныш Шүкіров есеп берді. Оның айтуынша, жаңа жылдан өз жұмысын бастаған жергілікті полиция тиімділігін көрсетіп отыр. Ал шаһар басшысы облыс орталығында жыл бойы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Былтыр жаңа өндіріс орындары ашылып, жұмыссыздық деңгейі азайды. Мемлекеттік бағдарламалар орындалуы, әлеуметтік-экономикалық қолдаудың артқандығын салыстырмалы көрсеткіштен анық аңғарылады. Мәселен, қаланың тайқазаны 90,3 пайызға артқан. Негізгі капиталға салынған қаржы көлемі 127 млрд. 341 млн. теңге болып, облысқа салынған барлық инвестицияның 54 пайызын құрады. Экономикалық қиындықтарға қарамастан Қызылордада инфрақұрылымды жаңғырту, таза ауыз суға көшу, сол жағалаумен байланыстыратын көпірдің құрылысы секілді ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асуда. «Соңғы үш жылда облыс орталығын дамытуға 180 млрд. теңге қаржы бөлінді. Ондаған инвестициялық жобалар жасақталып, жүзеге асырылуда. Осы аралықта сол жағалаудың бас жоспары жасақталып, шыны зауыты құрылысы жүргізілуде. Үш жыл бұрын жұмысымызды бастағанда қаланың инженерлік-коммуникациялар желілерінің 75 пайызы тозығы жеткен еді. Қазір әріптестік аясында Еуропалық қайта құру және даму банкімен оларды қайта жаңғырттық. Жақында ел Үкіметі Қызылорда қаласында қуаттылығы 450 мВт бу-газ электр станциясын салу жөнінде шешім қабылданды. Облысымыз даму динамикасы бойынша үздік 3-4 орындарды тұрақты түрде иеленуде. Жұмысымыз осы қарқынмен әрі қарай жалғасады», деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz