• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2016

Антарктидада 150 мың пингвин аштан қырылып қалды

425 рет
көрсетілді

АСТАНА. 14 ақпан. Антарктидада алып айсбергтің қамауында қалған жағалауда 150 мыңға жуық пингвин аштан қырылып қалды. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ғалымдардың айтауынша, Denison Mines деп аталатын бұл шығанақта балықтың түр-түрі мекен етеді. Қазір жалпы көлемі 2,9 мың шаршы метрді құрайтын мұз сеңі пингвиндердің азық аулауына кедергі болып отыр. Ал жақын жердегі жағалауға дейін 60 шақырым. Мұндай оқиға 2011 жылы да болған. Осының салдарынан олардың сандары да күрт азайған. Австралияның мамандары соңғы бес жыл ішінде 160 мың пингвиннен бар-жоғы 10 мыңы ғана қалған екен. Ал ғалымдар Denison Mines аймағындағы алып айсберг ерімесе немесе пингвиндер үйірі тез арада жақын жағалаулардың біріне көшіп кетпесе, мүлдем жойылып кетуі мүмкін деген болжам жасап отыр. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: interfax.ru.