• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2016

Ресей астанасында 1 ай көлемінде жол апатынан 30 адам қаза тапты

275 рет
көрсетілді

АСТАНА. 14 ақпан. Ресей астанасы Мәскеу қаласында 1 ай көлемінде жол апатынан 30 адам қаза тапты. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «2016 жылдың қаңтар айы бойынша, 630 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 30 адам қаза тауып, 772 жолаушы түрлі жарақат алды. Оның арасында 46 бүлдіршін бар», – дейді қалалық полиция бөлімінің басшысы. Дегенмен жол-көлік оқиғасы 12,4 пайызға, қаза тапқандар 26,8 пайызға, зардап шеккендер 10,8 пайызға төмендеген. Ведомство қызметкерінің айтуынша, жол апатының негізгі себебі, көбіне ауа райының қолайсыздығынан болған. Яғни, биыл соңғы 50 жыл ішінде болмаған қар жауып, көк тайғақ жиі болды. Аян Әбдуәли. Дерек: interfax.ru. Сурет: 7news.kz.