• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2016

Нигерияда лаңкестердің әрекетінен 30 адам қаза тапты

318 рет
көрсетілді

АСТАНА. 13 ақпан. Нигерияның солтүстік-шығысында орналасқан екі елді-мекенде лаңкестер шабуыл жасап, 30 адам қаза тапты. Бұл туралы ria.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Содырлар тобы Якхари және Качифа елді-мекендеріне басып кіріп, шабуыл жасаған. Бұл жолғы қанды әрекетке барған тағы да «Боко Харам» лаңкестері екені анықталды. «Лаңкестердің әрекетінен 30 адам мерт болды. Олар сондай-ақ, ауыл үйлерін тонап, малдарын айдап әкеткен», – деді жергілікті тәртіп сақшылары. Айта кетейік, аталған топтың әрекеттерінен 2009 жылдан бері барлығы 20 мыңға жуық адам қаза тауып, ондаған мың тұрғын түрлі жарақат алған. Олар көбіне Нигерияның солтүстік бөлігінде, Камерун және Чад елдерінде террорлық шабуыл жасайды. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ria.ru.