• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2016

Австралияда ірі көлемді есірткі тасымалдағандар қолға түсті

255 рет
көрсетілді

СТАНА. 15 ақпан. Австралияның полиция қызметкерлері ірі көлемді есірткі тасымалдағандарды қолға түсірді. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Іс өткен жылдың желтоқсан айында басталған. Құқық қорғау органының назарына Гонконгтан келген контейнер іліккен. Полиция қызметкерлері тергеу жұмыстары кезінде метамфетамин есірткісінің 720 литрін тәркіледі. Аса қатты әсер ететін есірткі түрінің құны 1,26 миллиард долларды құрады. Гонконгтан келген төрт адам заңсыз түрде Австралияға метамфетамин тасымалдағаны үшін қамауға алынды. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: slideshare.net.