• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2016

Ауғанстанда 2015 жылы 3,5 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты

235 рет
көрсетілді

АСТАНА. 15 ақпан. Ауғанстанда 2015 жылы жергілікті тәртіп сақшылары мен лаңкестер ұйымы арасындағы қақтығыс кезінде 3,5 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне сүйенер болсақ, 7,5 мың адам зардап шеккен. Биыл әйелдер мен балалар арасындағы өлім көбейіп барады. Қақтығыс кезінде мерт болғандар көрсеткіші бойынша, олар 10 пайызды құрайды. Жалпы көрсеткіш бойынша, қаза тапқандар өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға азайды. Дегенмен зардап шеккендер 9 пайызға артты. Аян Әбдуәли. Дерек: interfax.ru. Сурет: freerepublic.com.