АСТАНА. 15 ақпан. Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы жарияланды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Қазақстан Президентінің төрағалығымен 16 ақпанда Алматы қаласын дамыту және 2017 жылы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізуге дайындық жөнінде кеңес өтеді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандарға барады деп жоспарланып отыр.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.