• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2016

Леонардо Ди Каприо сомдаған фильм үздік деп танылды

318 рет
көрсетілді

АСТАНА. 15 ақпан. Британиялық кино және телеөнер академиясы өткізген салтанатты кеште Леонардо Ди Каприо сомдаған «Итжеккен» (The Revenant) фильмі үздік деп танылды. Бұл туралы ria.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Салтанатты кешті опера және балет театрында актер әрі шоумен Стивен Фрай жүргізді. «Итжеккен» фильмі үшін берілген сыйлықты басты рөлде ойнаған Леонардо Ди Каприо және фильмнің режиссері Алехандро Гонсалес Иньярриту алды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша, үздіктер қатарына «Кэрол» (Carol), «Шпиондық көпір» (Bridge of spies), «Көпшілік назарында» (Spotlight) және «Құлдырау үшін» (The big short) фильмдері кірді. Үздік актриса атағын «Бөлме» (Room) фильміндегі рөлі үшін Бри Ларсон алды. Ал екінші пландағы үздік актриса сыйлығын «Стив Джобс» фильміне байланысты Кейт Уинслет иеленді. Екінші пландағы үздік актер номинациясын «Шпиондық көпір» фильмінде ойнаған Марк Райлэнс жеңіп алды. Ал үздік деректі фильм сыйлығы әнші Эми Уайнхаустың өмірі жайлы түсірілген «Эми» туындысына берілді. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ria.ru.