• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2016

Швецияда әншілер мінген көлік апатқа ұшырады

250 рет
көрсетілді

АСТАНА. 15 ақпан. Швецияда жол апатынан британиялық Viola Beach тобының әншілері қаза тапты. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға Стокгольм қаласына таяу жерде болды. Аталған топтың төрт әншісі және менеджері мінген көлік жол жиегіне қойылған арнайы қоршауды бұзып өтіп, ағын суға құлаған. Апаттан жолаушылардың бәрі қаза тапты. Viola Beach өткен жұма күні, яғни 12 ақпанда Швециядағы Where is the music? фестиваліне қатысты. Жас әншілер көпшіліктің назарына ілініп те үлгерді. Олардың танымал болуына BBC Introducing бағдарламасы себеп болды. Аян Әбдуәли. Дерек: interfax.ru. Сурет: nydailynews.com.