• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2016

Жамбыл облысында көмек көрсетпеген полицейлер жазаға тартылды

303 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 15 ақпан. Сарысу ауданында апатқа ұшыраған жандарға ешқандай көмек көрсетпеген екі полиция қызметкері жазаға тартылды. Бұл туралы en.kz тілшісі хабарлады. 2015 жылдың жаз айында Саудакент ауылы маңында екі учаскелік инспектор «Лада Гранта» көлігін тоқтатқан. Бірақ көлік иесі полицияның талабына бағынбай, қаша жөнеліпті. Жүргізушінің қасында бір жолаушы болған. Соның кесірінен полициядан қашқан көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, аударылып, апатқа ұшыраған. Ал, полиция қызметкерлері ешқандай медициналық көмек көрсетпестен зардап шегушілерді оқиға орнына тастап кетіпті. Апат салдарынан көліктегі жолаушы есін жимастан Сарысу аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды. Ал, көлік жүргізушісінің миы шайқалған. Сот екі полиция қызметкерін де шендерінен айырып, пробациялық бақылау мерзімімен екі жылға бас бостандығынан айыруға жаза кесті. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz