• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2016

Оңтүстікте көктемгі егіс басталып кетті

399 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 15 ақпан. Мақтааралда соңғы бір айда 120 мың гектар айдалып, 80 мың гектар жердің соры шайылды. Дайын жерлерге көкөністер егіліп жатыр. Бұл туралы аудандық ауылшаруашылылығы бөліміне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі. хабарлады. Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев «өткен жылы өндірілген ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 59,7 млрд теңге болды. Оны бөлетін болсақ, мал шаруашылығы 14,1 млрд. тенге, өсімдік шаруашылығы 45,2 млрд. теңге, ауылшаруашылығы саласына көрсетілген қызмет 425,7 млн. теңге болып, нақты көлем индексі 101,9 пайызды құрады», дейді. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz