ҚАРАҒАНДЫ. 15 ақпан. Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында Ұлы Отан соғысының ардагерін өлтірген үш күдікті қолға түсті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің бапасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ауыр қылмыс жасаған күдіктерлердің екеуі Шахтинск қаласында ұсталды. Үшіншісін тәртіп сақшылары Қарағандыдағы пәтерлердің бірінде тығылып жатқан жерінен қолға түсірді.
Қазіргі уақытта күдіктілер кінәларын толықтай мойындады. Олар ардагердің мүлкіне қызығып, оны өзінің пәтерінде ұрып-соғып өлтірген.
Қолға түскендер уақытша қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, сурет: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің бапасөз қызметі.